ARPort SafetyVR · Алғашқы көмек
Алғашқы көмек көрсетуге арналған VR-тренажер
«Әртүрлі жағдайларда алғашқы көмек көрсету» тренажері оқиға орнын және зардап шегушінің жағдайын бағалауды, қажетті әрекеттерді таңдауды және алғашқы көмек көрсетуді жаттықтыруға арналған.
Қатысушы виртуалды ортада жаттығады, ал оқытушы сабақты басқарып, оның нәтижелерін қарайды.

Тренажерде қандай дағдылар жаттықтырылады
Тәуекелдерді бағалау
Оқиға орнын қарап шығу, қауіптерді анықтау және алғашқы көмек көрсетуге қауіпсіз жағдай жасау.
Жағдайын бағалау
Есін және тыныс алуын тексеру, жарақат, қан кету және басқа жағдайлардың белгілерін анықтау.
Көмекті ұйымдастыру
Жедел медициналық жәрдем шақыру. Кәсіпорынның ішкі тәртібінде көзделсе, оқиға туралы жауапты қызметкерлерге хабарлау.
Алғашқы көмек көрсету
Дәрі қобдишасынан қажетті құралдарды таңдау, қорғаныш қолғаптарын пайдалану және жағдайға сай әрекет ету.
Зардап шегушіні бақылау
Медицина қызметкерлері келгенше зардап шегушінің жағдайын бақылау. Оқиға және көрсетілген көмек туралы ақпаратты жеткізу.
Дағдыларды бекіту
Дұрыс, қате және орындалмаған әрекеттерді талдау, нені жақсартуға болатынын анықтау және қажет болса сценарийді қайталау.
Тренажердегі жағдайлар мен сценарийлер
- Естен тану
- Қан кету
- Күйіктер
- Сүйек сынуы
- Үсік шалу
- Реанимациялық
шаралар
Алғашқы көмек сценарийін көріңіз
Қатысушы виртуалды ортада оқиға орнын бағалап, алғашқы көмек көрсету әрекеттерін таңдайды.
Қазақ тілінде жаттығуды көру үшін демо нұсқасын сұраңыз. Ұйымыңыздың міндеттерін және қажетті оқыту тілдерін көрсетіңіз.
Сабақ қалай өтеді
Сценарий мен режимді таңдау
Оқытушы тренажерді, сценарийді, режимді — оқыту, жаттығу, емтихан немесе стресс — және тапсырманың қолжетімді параметрлерін таңдайды.
VR сценарийін орындау
Қатысушы шынайы жағдайға ұқсас виртуалды ортада алғашқы көмек көрсетеді. Оқыту және жаттығу режимдерінде дұрыс, қате және орындалмаған әрекеттер бойынша ұпайлар мен кері байланыс алады.
Нәтижелерді талдау
Жаттығудан кейін дұрыс, қате және орындалмаған әрекеттерді қарап, нені жақсартуға болатынын талдауға болады. Қажет болса сценарий қайталанады.
Сабаққа бүкіл топ қатысады
VR көрінісін үлкен экранға шығаруға болады. Топ қатысушының әрекеттерін бақылап, шешімдерін талқылайды және жағдайды бірге талдайды.
Нәтижелер ұпайлармен және түсіндірмелермен бірге сақталады. Жаттығу тарихын жүктеп алып, уақыт өте келе өзгерістерді бақылауға болады.
Оқыту тілдері
Тобыңызға қолайлы тілде оқытыңыз
Сабақты қазақ немесе орыс тілінде өткізіңіз. ARPort SafetyVR жүйесінде барлығы бес тіл қолжетімді:
Ұйымыңызға арналған жинақты таңдағанда қажетті оқыту тілдерін көрсетіңіз.
Жинақты таңдау →Қазақстанда алғашқы көмек көрсетуге оқыту
Алғашқы көмек көрсетуге дайындық
ҚР Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-138/2020 бұйрығы азаматтарды алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқыту қағидаларын және шұғыл әрі кезек күттірмейтін жағдайлар тізбесін белгілейді.
Алғашқы көмек қағидалары мен стандарты
ҚР Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-269/2020 бұйрығы медициналық білімі жоқ адамдардың алғашқы көмек көрсету қағидалары мен стандартын белгілейді. Оқыту теориялық дайындық пен практикалық сабақтарды қамтиды.
VR шешім қабылдау мен әрекеттердің ретін жаттықтыруға көмектеседі. Оқытушы тренажерді бағдарламаға манекендермен және оқу құралдарымен өткізілетін сабақтармен бірге қосады.
Оқыту бағдарламасындағы VR орны
Виртуалды ортада (VR)
Оқиға орнын және зардап шегушінің жағдайын бағалау, шешім қабылдау, дәрі қобдишасынан құралдарды таңдау және әртүрлі жағдайларда әрекеттердің ретін бірнеше рет жаттықтыру.
Манекендермен және оқу құралдарымен
Жүрек-өкпе реанимациясы кезінде кеуде қуысына қысым жасау мен жасанды тыныс алдыруды, таңғыш салуды және қимыл дағдыларын қажет ететін басқа әрекеттерді жаттықтыру.
VR мен практикалық жаттығулар бірін-бірі толықтырады.
Тренажер кімдерге арналған
Кәсіпорындар
Медициналық көмек келгенше әрекет етуге қызметкерлерді дайындау. Нақты оқиғаны қайталамай-ақ, сценарийлерді қауіпсіз ортада бірнеше рет орындауға болады.
Оқу орталықтары
Алғашқы көмек көрсету бағдарламаларының практикалық бөлігіне арналған. Қатысушы VR ортасында жаттығады, оқытушы сабақты басқарады, ал топ экрандағы көрініс пен кейінгі талдау арқылы қатысады.
Жоғары оқу орындары мен колледждер
Студенттерді оқуда, тәжірибеде немесе күнделікті өмірде алғашқы көмек қажет болатын жағдайларға дайындау. VR ортасында олар әрекеттердің ретін қауіпсіз жаттықтырады.
VR-тренажерді пайдалану талаптары
Бос кеңістік
Кемінде 2 × 2 м (4 м²), мүмкіндігінше кеңірек орын қажет. Қосымша кеңістік қатысушының еркін қозғалуына және виртуалды ортаға тереңірек енуіне мүмкіндік береді.
Wi-Fi
Құрылғылардың байланысы және көріністі экранға шығару үшін VR көзілдірігі мен оқытушының планшеті бір Wi-Fi желісіне қосылуы керек. Ең қарапайым нұсқа — смартфонның кіру нүктесін пайдалану.
Интернет
Орнатылған тренажерде жаттығу үшін тұрақты интернет қажет емес. Интернет бағдарламаны жаңарту және жаттығу нәтижелерін жүктеп жіберу үшін керек.
Жеткізу нұсқалары
Жеке тренажер
Таңдалған VR-тренажердің бағдарламалық жасақтамасы. Жабдықтың үйлесімділігін моделіне қарай тексереміз. Бірнеше тренажер қажет болса, жинақ алған тиімдірек.
Жинақ құрамында
- бірнеше VR-тренажердің бағдарламалық жасақтамасы
- дербес VR көзілдірігі
- оқытушының планшеті — қосымша опция
Бірнеше тренажерден тұратын жинақ сол тренажерлерді жеке-жеке сатып алғаннан арзанырақ.
Тренажер туралы сұрақтар
Тұрақты интернет қажет пе?
Жоқ. Жаттығу үшін тұрақты интернет қажет емес. Интернет тренажер бағдарламасын жаңарту және нәтижелерді бұлтқа жүктеу үшін керек.
Қолда бар VR көзілдірігін пайдалануға бола ма?
Иә, егер оның моделі ARPort SafetyVR жүйесімен үйлесімді болса. Сұрау жіберіп, көзілдіріктің моделін көрсетіңіз — үйлесімділігін тексереміз.
Жаттығу кезінде әрекеттің дұрыстығын қалай білуге болады?
Жаттығу барысында қатысушы орындаған, орындамаған немесе қате орындаған әрекеттері үшін ұпай түрінде кері байланыс алады.
Жаттығудан кейін не сақталады?
Ұпайлар, орындалған және орындалмаған әрекеттердің түсіндірмелері, уақыт және жаттығу тарихы сақталады. Нәтижелер бұлтқа жүктеліп, өзгерістерді талдауға қолжетімді болады. Көріністі экранға шығаратын компьютерде жаттығудың бейнежазбасын да сақтауға болады.
Электр тогынан зардап шеккен адамға көмек көрсету тренажері бар ма?
Иә. «Электр тогынан зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсету» — осы жинаққа қосуға болатын жеке тренажер.
Бағасын және демо нұсқасын қалай алуға болады?
Сұрау жіберіңіз: міндетіңізді, жинақ құрамын, бағасын және демо нұсқасына қолжетімділікті нақтылаймыз.

